ШҚО-да соғыс ардагері 100-ге келді

Шығыс Қазақстан облысында тұратын Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Құрмет Рахимов 100 жасқа келді.
Фото: ШҚО ПД

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM - Шығыс Қазақстан облысында тұратын Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Құрмет Рахимов 100 жасқа келді.

Өскеменде соғыс ардагерінің мерейтойына орай қабырға суреті мен құрмет тақтасының ашылу салтанаты өтті. Оған ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков, соғыс ардагерлері, Құрмат Рахимұлының туыстары мен жақындары қатысты.

– «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденовтің, жеке құрамның және жеке өзімнің атымнан Құрмат Рахымұлын 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін. Бұл салтанатты шараның полиция күні қарсаңында өткеніне қуаныштымыз. Баршамыз үшін ерліктің, Отанға деген сүйіспеншіліктің нышаны іспетті қызмет еткен осындай тұлғаның қасымызда өмір сүріп жатқаны нағыз бақыт», - деді Айдар Сайтбеков.

Шығыс Қазақстан облысында тұратын Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Құрмет Рахимов 100 жасқа келді.
Фото: ШҚО ПД

Мерейтой иесі үшін фотосуреттері бар ретро-лента ұйымдастырылып, 1960-шы жылдардың стиліндегі жұмыс кабинетінің бұрышы жасалды. Онда облыс әкімі Ермек Көшербаев Құрмат Рахимұлын құттықтап, Солжағалау саябағында ардагерлермен бірге солдат ботқасынан дәм татты.

Айта кетейік, Құрмат Рахимов 1942 жылы майданға аттанған. Невель қаласынан Кенигсбергке дейін, Беларусь, Литва және шығыс Пруссия аумақтары арқылы шайқастарға қатысқан. Сол жерде көптен күткен Жеңісті қарсы алған.

Шығыс Қазақстан облысында тұратын Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Құрмет Рахимов 100 жасқа келді.
Фото: ШҚО ПД

1965 жылы Өскеменде полиция погонын тағып, облыстық ІІБ бастығының орынбасары қызметін атқарған. Ал 1981 жылы құрметті еңбек демалысына шыққан.

Ұлы Отан соғысы және ІІО ардагері II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Кенигсбергті алғаны үшін", "Германияны жеңгені үшін", "Жауынгерлік еңбегі үшін" медальдерімен және басқа да мерейтойлық наградалармен марапатталған. Ал биыл ақсақал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан "Құрмет" орденімен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар