ШҚО-да соңғы бес жылда 13 мыңнан астам адамға кәсіпкерлік негіздері оқытылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Бастау Бизнес» жобасы аясында 13 мыңнан астам адамға кәсіпкерлік негіздері оқытылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да соңғы бес жылда 13 мыңнан астам адамға кәсіпкерлік негіздері оқытылды

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаевтың мәліметіне сүйенсек, биыл «Бастау Бизнес» жобасының іске асырылып жатқанына 5 жыл толды. Осы жылдар ішінде өңір бойынша 13 116 адам кәсіпкерлік негіздерін оқып шықты.

Бүгінде олардың 25%-дан астамы өз кәсібін ашқан. 2 905 адамға жеңілдікпен несие берілсе, 4 097 азамат қайтарымсыз грант алды. 2021 жылда аталған жоба аясында 1 944 адам кәсіпкерлік негіздерін оқыды.

Бизнес өкілдеріне сервистік қызмет көрсетуге қатысты айтар болсақ, осы жылдың 11 айында кәсіпкерлерге Өскемен мен Семей қалаларындағы палата орталықтарының өкілдері 1 400-ден астам қызмет көрсетті. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ», - деді Қайрат Мамырбаев.