ШҚО-да соңғы бес жылда 2 мыңнан астам көпбалалы отбасына баспана берілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында соңғы бес жылда 2 мыңнан астам көпбалалы отбасына баспана берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы бүгін ШҚО әкімдігінде өткен жиналыс барысында аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлім етті.

«Жыл сайын өңірде көпбалалы отбасыларға берілетін баспана саны артып келе жатыр. Бірақ соған қарамастан үй кезегінде тұрғандар көбейіп келеді. Мәселен, осыдан бес жыл бұрын баспана кезегінде 500-ге жуық көпбалалы ана болса, қазір олардың саны 3 мыңға жетіп отыр. Бұл бір жағынан халықтың мемлекеттің тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстарын тиісті деңгейде атқарып жатқанын түсініп, билікке сенім артатынының белгісі», - деді ол.

Облыс әкімінің айтуынша, соңғы бес жылда 2 мыңнан астам көпбалалы отбасыға баспана берілген.

«Баспана бөлуде ешқандай дау-дамай жоқ. Себебі қазір өңірде көпбалалы аналар комиссиясы құрылған. Олар үй беру мәселесіне тікелей араласуда», - деді Даниал Ахметов.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО жолдарын күтіп-ұстамағаны үшін 100-ден астам шенеунік жазаланғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар