ШҚО-да су басу қаупі бар елді мекендерге 188 рет рейд жүргізілген

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны қаупі бар кезеңге белсенді дайындық жүргізіліп жатыр. 

ШҚО
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Бүгінде күн күрт жылып, қар қарқынды ери бастаған. Өңірдегі азаматтық қорғау қызметтері жоғары әзірлік режимінде жұмыс істеуде. 

«Облысқа Семей қаласындағы ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінен қосымша 50 әскери келді. Олар су басу қаупін бақылауға және тасқын болған жағдайда шұғыл ден қою үшін Алтай және Күршім аудандарына жіберілді. Себебі онда ең көп қар қоры тіркелген. Атап айтқанда, Алтай ауданында қар жамылғысының биіктігі - 126 см, таулы жерлерде - 138 см болса, Күршім ауданында - 100 см», - делінген ШҚО ТЖД таратқан ақпаратта.

ШҚО
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Құтқарушылар су тасқыны қаупі бар елді мекендерге барлығы 188 рейд жүргізген. 

Соңғы жаңалықтар