ШҚО-да су тасқынын бақылайтын 2 бекет қойылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында су тасқынын бақылайтын 2 бекет қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ШҚО-да су тасқынын бақылайтын 2 бекет қойылды

Баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, су тасқыны кезеңіндегі ықтимал қауіптерді бақылауда ұстау үшін ауданға ҚР ТЖМ қарасты 68303 әскери бөлімінің 15 қызметшісі мен 2 техника жолданған. Осы күш пен құралдар арқылы Зубовск кентінде су тасқынын бақылайтын қос бекет ұйымдастырылды. Әскерилер халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетіп, арық жүйелерін тазалауға кірісті.


Айта кетейік, ШҚО-да 11 сәуірге дейін қар көшкіні жүру қаупі сақталатыны хабарланған.