ШҚО-да су тасқынының алдын алу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде
Құрамында 50 адам бар жеке құрам жергілікті атқарушы органдарға және халыққа қарды тазалау, арықтар мен су өткізу құрылыстарын тазалау бойынша белсенді көмек көрсетуде. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті.
Алтай ауданында әскерилер Вторушенский каналында мұз кесу жұмыстарын жүргізді, мұндағы мұз қалыңдығы 1,5 метр, сондай-ақ 60 метр су өткізу құбырлары мен 400 метр су бұру арналары тазаланды, жеке тұрғын үй секторының аула аумақтары қардан тазартылды, инертті материалы бар 100 қап төселді. Жеке құрам Жергілікті тоған - жинағыштағы және Бұқтырма және Хамир өзендеріндегі су деңгейін мониторинг жасауға жұмылдырылған.
Көкпекті ауданында «Мариногорка-Жумба» автожолының бойында №52859 әскери бөлімі қар мен мұздан 60 метр және 84 метр су өткізу арналарының арнасын тазалау жұмыстарын ұйымдастырды.