ШҚО-да суға батқан 6 бала құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шомылу маусымы басталғалы бері суға батып бара жатқан 20-дан астам адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиғалардың көбісі жабдықталмаған су айдындарында болған.

«Биылғы шомылу маусымы басталғалы бері суға батып бара жатқан 20-дан астам адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды. Өкінішке қарай, қаза болғандар да аз емес. Олар мас күйінде шомылғандар және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамағандар», - деді ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов.

Маусым айынан бастап қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар, полиция қызметкерлері және еріктілердің қатысуымен 15 205 адам оқытылып, 5000-нан астам рейд жүргізілді. Департамент мамандары балаларға 124 интерактивті сабақ ұйымдастырды.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қаулысымен өңірде демалыс, спорт және туризм үшін 16 орын белгіленген. Аймақ бойынша шомылуға тыйым салынған 64 учаске бар.


Соңғы жаңалықтар