ШҚО-да сүңгуірлер арнайы дайындықтан өтті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысына келген құтқарушылар тобы алғашқы дайындықтан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейіне өңірдегі су басу қаупі төнген аймақтарға арнайы техникалар мен әскерилер жеткізілгенін хабарлаған болатынбыз.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемендегі жедел құтқару жасағы базасында дайындық жұмыстары басталған.

Көмекке келген құтқарушылар тобы альпинизм мен суасты дайындығын жүргізуде. Алғаш қабылданғандар әуелде теориялық кезеңнен өтті.

Онда олар жабдықтар, жарақтар жайлы, қауіпсіздік техникасы мен алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерімен танысты.

Осы салада 20 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан облыстық ТЖД жедел құтқару жасағы бастығының орынбасары Евгений Егоров альпинистік бағыт құтқарушылар үшін ең маңызды деп есептейді.

Дайындық бағдарламасы барысында арқанды байлау тәсілдері, биіктен түсу техникасы мен бекітілген арқанмен шығу әдістері үйретілді.

«Шығыс Қазақстанда 2000-нан астам су айдыны бар. Жыл сайын шағын және ірі өзендерде, көлдерде жазатайым оқиғалар болып жатады. Сондай жағдайларда жедел әрекет ету үшін құтқарушы-сүңгуірлер қажет. Дайындық кезінде құтқарушылар тереңге сүңгу, суастында бағдар жасау, құтқару жұмыстары орындарын тексеру дағдыларын жетілдірді. Сондай-ақ суға батып кеткендерді іздеуді де үйренді» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар