ШҚО-да табиғи қорықта 120 гектарға жайылған өрт сөндірілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында орналасқан «Құлынжон» мемлекеттік табиғи қорығындағы ірі өрт ауыздықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 30 сәуір күні «Құлынжон» мемлекеттік табиғи қорығында өрт шыққан.

Шөп пен бұтаны шарпыған қызыл жалынның жалпы ауданы 120 гектарға жайылды. Қатты желдің салдарынан отты ауыздықтау қиынға соққан.

«Сол жерге құтқарушылар, жергілікті атқарушы орган өкілдері, орманшылар тарапынан 50 адам мен 9 техника жұмылдырылды. 2 мамыр күні сағат 19.00 шамасында өрт толықтай сөндірілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ Ұлан ауданындағы Асубұлақ орман шаруашылығында ірі өрт шыққан. Оқиға орнында 30 сәуірден бастап 212 адам мен 32 техника жұмыс істеп жатыр.

Өрттің беті әлі де қайтпауда. Өскемен қаласынан қосымша 2 тікұшақ тартылды.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-дағы табиғи қорықта өрт шыққанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар