ШҚО-да тантал металы тиімді кәдеге асырылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда медицинаның стоматология саласында зор сұранысқа ие тантал металын кәдеге асыру жоспарлануда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Тантал өндірісі - келешекте әлеуетті бар бағыттардың бірі. Себебі, металдың бұл түрі адам ағзасын емдеу үшін қолданылады. Бүгінгі таңда ортопедия мен медицинаның өзге саласына тантал енгізіліп жатыр. Бұған қоса Шығыс Қазақстанда өндірілетін тантал ұнтақты болып келеді. Металлдың бұл түрі медицина үшін басым бағыттардың бірі», - дейді Даниал Ахметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында.
Өңір басшысының айтуына қарағанда, әлемде өндірілетін тантал металының 27-30% Шығыс Қазақстанда шығарылады.
Айта кетсек, танталды дәрігерлер хирургиялық импланттарды дайындау кезінде стоматология саласында қолданады.