ШҚО-да тасжолда екі көлік бетпе-бет соқтығысып, 4 адам ауруханаға түсті
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға «Шемонаиха-Усть-Таловка» тасжолының сегізінші шақырымында болған.
«Lаda» көлігінің жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып жіберген 50 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай қалып, қарсы жолаққа шығып кетті. Соның салдарынан 57 жастағы азамат тізгіндеп келе жатқан «Chevrolet Niva» көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол апатынан екі жүргізуші және көліктерде отырған 2 жолаушы зардап шекті», - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта төртеуі де Шемонаиха аудандық ауруханасына жатқызылды. Тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 1-бөлігіне (Абайсызда денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.