ШҚО-да топырақ астынан шығарылған жұмысшының жағдайы белгілі болды

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы кеніште топырақ астынан шығарылған жұмысшы дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлайды Кazinform

Жұмысшы
Фото: Кazinform

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек Кazinform агенттігінің тілшісіне құтқарылған жұмысшының денсаулығы қандай жағдайда екенін айтып берді. 

«Жұмысшы топырақ астынан шығарылған соң бірден Глубокое ауданындағы ауруханаға жеткізілген. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Диагностика, рентген жасалып, тиісті анализдер алынды. Науқас есеңгіреп қалған жоқ, хирургтің қарауынан өтті. Денесінде сынықтар жоқ. Жұмысшы дәрігерлердің бақылауында», - дейді ол. 

Айта кетейік, осыған дейін ШҚО-дағы кеніште екі жұмысшы топырақ астында қалғаны хабарланған. Қазіргі уақытта оның бірі әлі шығарылмады. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.