ШҚО-да төрт көлік жанып кетті

Өскеменде кеше Ярославский көшесі бойынша жүріп келе жатқан «Митсубиши Чариот» көлігінің қозғалтқышынан өрт шықты. Көліктің қозғалтқыш бөлігінің бөлшектері, салонның ішкі қаптамасы, орындық, аспаптар панелі, дөңгелек қақпағы жанып кетті. Жалын 1998 жылы шыққан көліктің 4 шаршы метрін шарпыды, деп хабарлады ТЖД.
Осыған ұқсас оқиға Семейде де орын алды - AUDI (1990 жылғы) көлігінің мотор бөлігінде бөлшектер жанып кетті.
Қалған екі жағдай Глубоковский, Тарбағатай аудандарында орын алды. Жекеменшік үйде аулада автотұрақта тұрған «Приора» (2007 жылы шыққан) көлігі өртке оранды. Березевка ауылында жазғы асханандан гаражға өткен жалын «Лада грант» маркалы көліктің толықтай жанып кетуіне алып келді.
Үш жағдайда да қаупі жоғары агрегатты абайламай қолдану нұсқасы пысықталуда.
Бүгінде өңірде көлік отқа орынған 109 жағдай тіркелді. Абырой болғанда, құрбандар жоқ, - деп атап өтеді ТЖД.