ШҚО-да төтенше жағдай қызметкерлеріне 11 өрт сөндіру көлігі тапсырылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында ТЖ қызметкерлеріне 11 өрт сөндіру көлігі тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да төтенше жағдай қызметкерлеріне 11 өрт сөндіру көлігі тапсырылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін құтқарушыларға 11 өрт сөндіру көлігі тапсырылды.

«Бұл көліктер өрттерді сөндіруге және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған. 2020 жылы «АЦ-5-40» және «Камаз» базасында шығарылған техниканың өтімділігі жоғары және 5 тонна суды тасымалдауға мүмкіндік береді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бес көлік Өскемен қаласында қалса, екеуі Семейге жіберілмек. Ал Зайсан, Глубокое және Бесқарағай аудандары мен Риддер қаласына бір техникадан тапсырылады.