ШҚО-да туберкулездің қауіпті түрін жұқтырған 6 адам іздестіріліп жатыр
«Кейбір ата-аналар екпеден бас тартады. Ондай мәселе бар. Жыл басынан бері 94 баланың әке-шешесі вакцинация салдыртуға қарсы болды. Мұндай жағдайлар көбінесе Өскемен, Семей, Зырян қалаларында кездесті», - деп түсіндірді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов.
Өкпе дертінің асқынған түрімен ауыратындар - қоғам үшін өте қаупті. Олар қоғамнан оқшаулануы тиіс. Облыста осындай 27 азамат бар. Олардың 25-і - бактерия таратушы. Қазір 15-і стационарда оқшауланған, 4-уі үйінде емделуде, ал қалған алтауы іздеуде жүр. Сондай-ақ, түрмеден босап шыққан 21 ауру азамат есепке алынған.
«Науқастарға әлеуметтік көмек көрсетілуде. Осы жылдың 10 айында 848 науқасқа 56265,4 мың теңге қаржы бөлінген. Келер жылдың 15 қаңтарына дейін біздің басқарма туберкулездің алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, ұсынады», - деді Марат Шоранов.