ШҚО-да тұрғын үйде болған өртте екі адам мерт болды

АСТАНА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында тұрғын үйде болған өртте екі адам мерт болды. Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім етті.

ШҚО-да тұрғын үйде болған өртте екі адам мерт болды

Өрт қыркүйектің 14-інен 15-іне қараған түні, сағат 2 шамасында Ұлан ауданы Таврия ауылындағы екі қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерден шықты.

ШҚО бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің шұғыл әрекет етуі нәтижесінде тілсіз жау бір сағаттың көлемінде ауыздықталды. 7 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт орнында 26 және 42 жастағы екі азаматтың мәйіттері табылды.