02:22, 24 Қаңтар 2018 | GMT +6
ШҚО-да туристерге құрт қайнату мен бауырсақ пісіруді үйрететін орын бар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда туристерге құрт қайнатып, ірімшік дайындаудың, бауырсақ пісіріп, ет асудың қыр-сырын көрсететін демалыс орны бар, деп жазады altaynews.
Шетелдік қонақтар жиі келетін өңіріміздегі демалыс базасының бірі - «Нұржеменей». Зайсан ауданындағы Жаңатұрмыс ауылының жанынан орын тепкен бұл мекен көптеген туристерді тамсантады.
Аталған ақпарат көзінің жазуына қарағанда, Нұржеменейге саяхаттап келген туристерге құрт қайнатып, ірімшік дайындаудың, бауырсақ пісіріп, ет асудың қыр-сырын көрсетіледі, сондай-ақ оны істеуді үйретеді.