ШҚО-да түрме қызметкерлері 30 отбасына көмек көрсетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы түрме қызметкерлері Тәуелсіздік күніне орай 30 отбасына көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да түрме қызметкерлері 30 отбасына көмек көрсетті

ШҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жағдайы төмен отбасыларға қолұшын созуға арналған акция ұйымдастырылды.

«Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері аз қамтылған және көпбалалы 30-дан астам отбасыға көмектесті. Әрбір жанұя азық-түлікпен, жеке гигиеналық заттармен, киім-кешекпен қамтамасыз етіліп, балаларға тәттілер мен ойыншықтар табысталды», - делінген ақпаратта.

Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған акция алдағы уақытта да жалғасын таппақ.