ШҚО-да түрмеге тыйым салынған затты кіргізбек болғандардың 16 рет жолы кесілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында түрме аумағына тыйым салынған затты кіргізбек болғандардың 16 рет жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ер адам 8 литрге жуық алкогольді колонияға жасырын лақтырмақ болған. Қауіпсіздігі жоғары түзету мекемесінің қызметкерлері оны колония аумағында ұстады. Ол ішімдікті 5 пластикалық бөтелкеге құйып алған.

«Түн кезінде түзету мекемесінің маңында келе жатқан ер адам скотчпен мықтап оралған пластикалық бөтелкелерді темір тордан асырып лақтырмақ болды. Сараптама қорытындысы бойынша бөтелкелердегі сұйықтықтың спирт екені анықталды. Күдікті «сәлемдеменің» сотталғандарға арналғанын мойындады», - деді ОВ 156/2 мекемесінің бастығы Еркін Қабин.

Қазіргі уақытта 34 жастағы Алматы облысының тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына (қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды беру) сәйкес әкімшілік іс қозғалған.

Айта кетейік, жыл басынан бері 156/2 мекемесі аумағына тыйым салынған затты кіргізбек болғандардың 16 рет жолы кесілді.


Соңғы жаңалықтар