ШҚО-да түрмеге жіберілген сәлемдемедегі кептірілген өріктің ішінен есірткі табылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында түрмеге жіберілген сәлемдемедегі кептірілген өріктің ішінен есірткі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ОВ 156/2 түзету мекемесіне кептірілген өрік пен шампунь арқылы есірткі кіргізілмек болды.

Сәлемдемеге жасырылған есірткіні почта арқылы жіберген азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

«Колония қызметкерлері мен Ұлттық ұланның 6699 әскери бөлімінің сарбаздары сотталғандардың біріне сәлемдеме беру кезінде есірткіні тапты. Алматылық сәлемдеме жөнелтуші кептірілген өріктің ортасына және шампунь бөтелкесіне есірткі салған. Табылған заттар тәркіленіп, сараптамаға жіберілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар