ШҚО-да түйнемемен көмілген малдардың 276 қорымы бақылауға алынды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде өткен ветеринарлық қызметтің жұмысы жайлы жиналысқа мемлекеттік орган салалары, әкімдіктер, Шығыс Қазақстан облысының малшы-фермерлері қатысты, олар экспорттық әлеуетті дамыту мен азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін талқылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ШҚО-да түйнемемен көмілген малдардың 276 қорымы бақылауға алынды

Басқарма басшысы Асқар Жақыпбаев ауылшаруашылық жануарларының соңғы үш жылда бруцеллезбен, аусыл, құтыру және түйнемемен ауруының толық мәліметін ұсынып, ауылшаруашылық жануарларын вакциналау мен сәйкестендіру жайлы көлемді деректер базасын жіліктеп берді.

null 

Малды профилактикалық вакциналауға бөлінген 1, 3 млрд. теңге толық игерілді. Өткен жылдың басынан бері 20,5 млн. бас мал сәйкестендірілді. Бруцеллезге ұшыраған ауылшаруашылық малы ерекше назарға алынған - барлық кешенді шаралардың арқасында бруцеллезге ұшырау пайызы (2014 жылмен салыстырғанда) - 0, 3%, ұсақ мал арасында 0, 7% дейін азайған.

Адамдардың бруцеллезбен ауыруы (2015 жылмен салыстырғанда) 9 жағдайға дейін азайды.

null 

Өткен жылы түйнеме бойынша вакциналау толық көлемде жүргізілді. Қалалар мен аудандардың ветеринарлық қызметтері түйнемемен көмілген малдардың 276 қорымы барын анықтады және олар бақылауға алынды.