ШҚО-да түз далада жанып кеткен ер кісі өлімінің жай-жапсары анықталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның ТЖ қызметі Абай ауданында ер кісінің мәйіті табылу фактісі бойынша жай-жапсарды мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«9 шілде күні Өскемен өрт байланысы орталық бекетіне ПЧ-49 радиотелефонисінен Қарауыл ауылынан 45 шақырым қашықтықта өртенген автомобиль мен оның иесінің өртенген мәйіті табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына материал жинау үшін Абай аудандық ТЖБ бастығы келген», - деп хабарлады ТЖ департаменті.

8 шілде күні Көкбай ауылдық округі Жылысай учаскесінде жалпы аумағы 15 га болатын құрғақ шөптің жанғаны анықталды. Өртті төрт техниканың көмегімен жергілікті атқарушы органның 15 өрт сөндірушісі ауыздықтаған. ШҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің күші мен құралы оқиға орнына шақырылмады. 9 шілде күні бұл учаскеден толығымен жанып кеткен автомобиль мен оның иесінің мәйіті табылды.

Кінәлі тұлғалар мен залал анықталуда. 

Соңғы жаңалықтар