ШҚО-да ҮЕҰ мемлекеттік тапсырыстары аясында психикалық ауруларға шалдыққан балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі қазақстандық ілкі жоба енгізіліп жатыр

ӨСКЕМЕН. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскеменнің еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында әлеуметтік тапсырыстардың жүзеге асырылуы жөнінде кеңес болып өтті.

ШҚО-да ҮЕҰ мемлекеттік тапсырыстары аясында психикалық ауруларға шалдыққан балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі қазақстандық ілкі жоба енгізіліп жатыр

Облыстық еңбекпен қамту басқармасының хабарлағанындай, балалар мен 18 жастан асқан жастарға жартылай стационарлы түрде немесе үйге арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жөнінде 2010 жылы атқарылған жұмыстарға сараптама жасалды.

Аймақ бойынша 8 үкіметтік емес ұйым осы бағыттағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындап жүр.

2009 жылы үкіметтік емес ұйымдар арқылы 64,2 млн. теңге игеріліп, 400- ден астам бала қажетті көмекке ие болған. 2010 жылы осы бағытқа 124,3 млн. теңге бөлінген және де осы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ақша толығымен игерілді.