ШҚО-да үш тәулік бойы адасып жүрген Ресей азаматы құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш тәулік бойы хабарсыз кеткен 57 жастағы ресейлік азаматтың туыстары қазақстандық тәртіп сақшыларынан және құтқарушылардан көмек сұрады. Анықталғандай, жергілікті жердің ой-шұңқырын дұрыс білмейтін көрші елдің азаматы Шемонайхадан Өскеменге келе жатып адасып кеткен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ШҚО ТЖД ресми сайтына сілтеме жасап.
None
None

Із кесуші ит ерткен 4 адамнан құралған құтқарушы топ таулы жерлерге арналған «КАМаЗ» арнайы техникасымен жоғалған адасқан адамды іздеуге шықты.
null 

«Біз негізгі тас жолдан ауылдарға қарай бұрылып орман жағалап жүріп отырдық. Шамамен жол бойынан 9 шақырым қашықтықтан іздеген адамымызды және оның көлігін таптық. Оның ұялы телефоны да, автомобилінің аккумуляторы да отырып қалған. Азығы бар екен, бірақ бірнеше тәулік бойы суық көліктің ішінде әбден тоңып қалған. Ең бірінші сұрағаны ыстық сусын болды», - дейді ТЖД құтқарушысы Евгений Жигулин.

Құтқару қызметінің мамандары оның көлігін оталдыруға көмектесіп, негізгі күре жолға дейін шығарып салды.
null 

Осы ретте ШҚО ТЖД қызметі азаматтарға мейрам күндері қарсаңында қала сыртына шығарда ауа-райын бақылап, жолды қысқарту мақсатында негізгі жолдан шығып тәуекел етпеуін сұрайды.

null 

Соңғы жаңалықтар