ШҚО-да ұйымдасқан топ кәсіпорынның мүлкін ұрлаумен айналысып келген, шығын 500 млн теңгені құрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 2 жылдан астам уақыт облыс кәсіпорындарының бірінің тауарлық-материалдық құндылықтарын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың іс-әркетіне тосқауыл қойды.
Шығын 500 миллион теңгеден асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында полиция қызметкерлері 20-дан астам тінту іс-шараларын жүргізді, оның барысында заттай дәлелдер тәркіленді. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды.
Негізгі күдіктілер, қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен белсенді қатысушылары соттың санкциясымен қамауға алынды.