ШҚО-да үздік кітапханашылар анықталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның үздік колледж кітапханашыларын анықтаған конкурс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да үздік кітапханашылар анықталды

Өскеменде «Колледждің үздік кітапханашысы» байқауы өтті. Өңірдің ондаған колледжінен келген кітапхана ісінің мамандары заманауи технологиялық тәсілдерді өз кәсібінде қаншалықты игергендерін көрсетіп, оқырманмен жұмыстың әдістемелерін ұсынды.

Жарыс қорытындысы бойынша, өңірдегі ең үздік колледж кітапханашысы болып Маржан Бұрынбаева танылды. Ол облыс орталығындағы медициналық колледжде жұмыс істейді. Екінші орын Р.Байсейітов атындағы Семей экономикалық колледжінің қызметкері Қымбат Мылтықбаеваға бұйырса, үшінші орынды Күршім аудандық колледжі мен Облыстық спорт колледжінің кітапханашылары Гүлбаршын Көкешова мен Лариса Броисевич өзара бөлісті. Бірінші орын иегеріне ноутбук табысталса, қалған жүлдегерлерге ұялы телефон мен электронды кітаптар берілді.

Облыстық кезең жүлдегерлері енді Алматыда өтетін республикалық байқауда өңір намысын қорғайды.