ШҚО-да вакцина алған студенттер арасында ақшалай сертификаттар ойнатылады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында вакцина алған студенттер арасында ақшалай сертификаттар ойнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да вакцина алған студенттер арасында ақшалай сертификаттар ойнатылады

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде вакцинацияланған студенттер арасында ақшалай сертификаттар ойнатылмақ.

«Шарт бойынша студенттер тамыз айының 8 мен 24-і аралығында коронавирус инфекциясына қарсы екпе алып, арнайы поштаға #Stop COVID-19 хэштегімен вакцинация процедурасын растайтын SMS хабарламаны жіберулері қажет. 70 жеңімпаз 10 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алады», - деп хабарлады білім ордасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жоғарғы оқу орнында бұған дейін де осындай ұтыс ойыны ұйымдастырылып, 50 студентке 15 мың теңгеден берілген.