10:50, 18 Қазан 2021 | GMT +6
ШҚО-да вакцина салдыру көрсеткіші бойынша қай аудандар көш бастап тұр
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны күн сайын артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 18 қазандағы жағдай бойынша өңір жұртшылығы арасында COVID-19 инфекциясына қарсы екпенің бірінші компонентін алғандар үлесі – 81,2% пайызды құрап отыр. Ал жалпы халықтың 68,1 пайызы вакцинаның екі компонентін де салдырған.
Вакцинаның екі компонентін салдыру көрсеткішінде Бесқарағай (тұрғындардың 91,3 пайызы), Үржар (90,5%) және Абай (87,2%) аудандары алдыңға қатарда. Ал ең төменгі орында – Шемонаиха ауданы тұр (53,7%). Сондай-ақ Өскемен қаласында халықтың 58,4 пайызы ғана екпенің екі компонентін алған.
Соңғы тәулікте Шығыс Қазақстанда 103 адам қауіпті дертке шалдыққан. Бүгінгі таңда облыс вирус жұқтыру көрсеткіші бойынша «сары аймақта» тұр.