ШҚО-да заңсыз жұмыс істеген 7 шетелдік ел аумағынан шығарылды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген 7 шетелдік ел аумағынан шығарылды.

Жамбыл облысында заңсыз көші-қон арнасы анықталды
Фото: Polisia.kz

Бүгінде өңір бойынша «Нелегал-2026» жедел алдын алу шарасы жүргізіліп жатыр. Соның аясында көші-қон қызметкерлері шетел азаматтары мен жұмыс берушілердің заңнама талаптарын сақтауын, оның ішінде ел аумағында болу және еңбек қызметін жүзеге асыру заңдылығын тексеріп жатыр.

— Тексерулердің бірінде көршілес мемлекеттің 7 азаматының уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмыс істегені және Қазақстан Республикасында уақытша болуға құқық беретін құжаттары болмағаны анықталды. Көші-қон заңнамасын қайталап бұзғаны үшін шетелдіктер ҚР аумағынан шығарылды. Оларға Қазақстанға бес жыл мерзімге кіруге тыйым салынды, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.

Шетел азаматтарының еңбегін пайдалану кезінде заңнама талаптарын бұзған жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еске салсақ, осыған дейін СҚО-да жыл басынан бері 700-ге жуық шетелдік жауапқа тартылғаны хабарланған.