ШҚО-да зейнеткер 83 жастағы көршісінің ақшасын ұрлап кеткен

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында зейнеткер 83 жастағы көршісінің ақшасын ұрлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да зейнеткер 83 жастағы көршісінің ақшасын ұрлап кеткен

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ақпан айының соңында Глубокое аудандық полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 83 жастағы қарт кісі хабарласқан.

Оның айтуынша, 66 жастағы көршісі үйінен 88 000 теңге мөлшеріндегі ақшасын ұрлап кеткен.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері жәбірленушінің көршісін ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Ұрланған ақшаның біраз бөлігі қайтарылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.