ШҚО-да жәбір көрсеткені үшін айыпталған полицейлерге үкім күшінде қалды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО облыстық соты үш полицейге қатысты үкімді күшінде қалдырды, деп хабарлады облыс прокуратурасынан «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне.

  ШҚО-да  жәбір көрсеткені үшін айыпталған полицейлерге үкім күшінде қалды

Тәртіп сақшылары ұсталған адамға жәбір көрсеткені үшін айыпталды. Риддер қалалық соты бұдан бұрын құқық қорғаушыларды айыпты деп таныған және оларды колонияға қамауға үкім шығарған.

ШҚО сотының қылмыстық іс жөніндегі апелляциялық алқасы Риддер АІІБ үш қызметкері Болатбеков, Бәкенбаев және Құпановқа қатысты іс бойынша бірінші инстанциядағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Сот криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қызметтік кабинетте жәбірленушілерден ауыр дене жарақатын келтіргенін мойындату үшін қинап, азап көрсеткенін анықтады.

Істі тергеумен процессуалдық прокурордың қатысуымен арнайы прокуратура айналысты.

Болатбеков  пен Бәкенбаевқа  3 жылға мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 ай түрінде бас бостандығынан айыру түрінде жаза кесілді. 

Құпановқа 3 жылға мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.