ШҚО-да жаңа кадрлық алмасулар болды

ӨСКЕМЕН. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ – Шығыс Қазақстан облысының басшысы Александр Генрихты Курчатов қаласының әкімі, ал Курчатов қаласының бұрынғы әкімі Рымхан Мусинді Зырянов қаласының әкімі етіп тағайындау туралы өкімдерге қол қойды,

ШҚО-да жаңа кадрлық алмасулар болды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Курчатов қаласының әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін Александр Николаевич Генрих Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары, Шемонаиха қаласының әкімі болып қызмет атқарды. Оның жасы 51-де, инженер-механик мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Рымхан Рысханұлы Мусин ? 51 жаста. Екі жоғары техникалық білімі және техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар. Мамандығы бойынша механик және инженер-экономист. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Зайсан ауданының әкімі болды.