ШҚО-да жаңа тағайындау

ӨСКЕМЕН. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында өңір әкімі Бердібек Сапарбаев жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру басқармасының жаңа басшысы Дмитрий Юрьевич Кавригинді таныстырды.

ШҚО-да жаңа тағайындау

Бұған дейін ол Өскемен қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Дмитрий Кавригиннің мемлекеттік қызметте өтілі бар. ШҚО әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімнің бас инспекторы, Риддер қаласының әкімі болды.