ШҚО-да жаңа танымдық журнал жарық көрді

  ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда «Kokpekti» атты танымдық журналдың алғашқы саны шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да жаңа танымдық журнал жарық көрді

Журналдың алғашқы саны 683 таралыммен жарық көріп отыр. Қойнауы тарихқа толы Көкпекті өңірінің өткені мен бүгінін, ел мен жер шежіресін қамтыған жаңа басылымда Шығыстан шыққан әдебиет өкілдерінің тың туындылары да тұрақты басылмақ. Айына бір рет 24 бетпен шығатын түрлі-түсті журнал жалпы оқырманға арналған. Редакцияның ақылдастар алқасына Асхат Смаилов, жазушы Рәтбек Арын, шежіреші Мұхтарбек Кәрімов, ақын, жазушы Нұржан Қуантайұлы, археология ісінің білгірі Ерден Оралбай сияқты адамдар кіріпті.

Көкпекті аудандық «Жұлдыз» газеті редакциясының базасында дайындалатын жаңа басылымның шығару жұмыстарына көкпектілік жас ақын Дархан Бердібек басшылық етпек.

«Басылым қоғамдық-танымдық журнал ретінде тіркелді. Оған шығатын мазмұнды мақалалар мен танымдық материалдар Қараш тауындағы аңшыларға, Қайыңдыдағы орманшылар мен бұғышыларға, Зайсандағы балықшыларға, Байбура мен Үміштегі жолшыларға, Қойтастағы кеншілерге, Жұмбадағы омарташыларға, Егінбұлақтағы малшыларға рухани азық болады деп ойлаймыз. Жастарды өлкенің шежіресі мен рухани әлеміне баурау үшін жаңаша айдарлар жүргіземіз», - дейді Дархан Бердібек.

null

nullnull