ШҚО-да жаңа жылда қанша нәресте дүниеге келді

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қысқы демалыс кезінде 200 нәресте дүнеге келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО-да жаңа жылда қанша нәресте дүниеге келді

Дәрігерлердің айтуынша, мереке күндері босандыру мекемелері әдеттегі режим бойынша жұмыс істеді.

«2020 жылдың 1-6 қаңтары аралығында перенаталдық орталықтар мен аудандық ауруханалардың перзентханалар үйінде 200 бала дүниеге есігін ашқан»,-деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Жалпы алғанда, босандыру мекемелерінің мамандарының айтуынша, 2019 жылы нәрестелер көп туған. Облыста жыл бойына 21 386 бала дүние есігін ашса, олардың 179-ы егіздер.

Жаңа жыл қарсаңында жаңа жылдық мерекелердің соңына дейін жалғасқан ерекше акция өтті. Нәрестелердің барлығы ерекше киіндірілді. Медициналық ұйым өкілдері балаларды арнайы тіктірген киімдермен шығарып салды.