15:25, 22 Маусым 2023 | GMT +5
ШҚО-да жанармай стансасында болған жарылыстан екі адам күйіп қалды
ШЕМОНАИХА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ТЖМ мәліметінше, 22 маусымда Шемонаиха қаласы Украинская көшесіндегі газ баллондарына жанармай құю станциясында жарылыс болған.
Оның салдарынан өрт шығып, 5 техника өртеніп кетті. Сағат 14:44-те жалын оқшауланды.
Термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілді.
Тұрғын үй мен орман қорына қауіп жоқ.
Отты сөндіруге 5 автокөлік пен 12 адам жұмылдырылды.