ШҚО-да жанармай стансасындағы жарылыстан шыққан өрт сөндірілді
ШЕМОНАИХА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласындағы жарылыстан болған өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Төтенше жағдайлар министрлігінен жеткен мәліметке сенсек, от 16 сағат 16 минутта сөндірілген.
Алдын ала болжам бойынша, қызыл жалын шарпыған аумақ - 80 шаршы метр.
1974 және 1975 жылы туған екі адамды термиялық күйік шалды. Олар осы стансада жұмыс істейді.
Қызметкерлер қазір ауруханада жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін ШҚО-да жанармай стансасында жарылыс болғанын хабарлаған едік.
Бүгін, 22 маусымда Шемонаиха қаласы Украинская көшесіндегі газ баллондарына жанармай құю станциясындағы жарылыстың арты өртке ұласып, 5 техника өртеніп кетті.
Сағат 14:44-те жалын оқшауланды.