ШҚО-да жанармай таситын көлікке соғылған Lada Granta жүргізушісі көз жұмды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында жанармай таситын көлікпен соқтығысқан «Lada Granta» көлігінің жүргізушісі мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да жанармай таситын көлікке соғылған Lada Granta жүргізушісі көз жұмды

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты 2 қарашада сағат 07:15 шамасында Глубокое ауданындағы «Өскемен-Рахман қайнарлары» тасжолының 16-шы шақырымында болған.

«Lada Granta» маркалы автокөліктің 48 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, жанармай таситын көлікпен бетпе-бет соқтығысқан.

Соның салдарынан «Lada Granta» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқарушының жол жүрісі қағидаларын бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», - делінген ақпаратта.







Фото: polisia.kz