ШҚО-да жартастың арасына кептеліп қалған бала құтқарылды

НҰР-СҮЛТАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое кентінде 12 жасар бала жастатың арасына кептеліп қалған. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.

ШҚО-да жартастың арасына кептеліп қалған бала құтқарылды

«Глубокое кентіндегі Алтынсарин көшесі маңындағы жартастардың арасында қыстырылып қалған бала ол жерде жалғыз ойнап жүрген. 12 жасар бала өздігінен шыға алмаған соң өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұрап, айғай салды. Куәгерлер құтқарушыларды шақырды. 23-ӨСБ қызметкерлері құтқару арқанының көмегімен қыстырылып қалған адамды алып шықты» делінген хабарламада.

Бала жарақат алмаған, дін аман.

ШҚО ТЖД ата-аналарға балаларды жалғыз қалдырмау, оларға көшеде және табиғатта болатын қауіп туралы түсіндіру керегін еске салады.