ШҚО-да жарты миллион адам коронавирусқа қарсы вакцина алды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 541 мың адам коронавирусқа қарсы екпенің екі компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Осы жылдың 1 ақпанынан бастап Шығыс Қазақстанда халыққа коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу науқаны белсенді жүріп жатыр.

Бүгінде өңірде 343 екпе кабинеті ашылып, сауда үйлерінде арнайы пункттер ұйымдастырылды.

Ал ауылда жылжымалы пунктілер мен мобильді кешендер жұмыс істеуде.

- Қазіргі уақытта облыстағы 677 мың адам коронавируқа қарсы вакцина алды. Ал оның ішіндегі 541 мың тұрғын екі компонентті вакцинация рәсімін аяқтады, - деді ШҚО әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтов.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда жұқпалы дертке қарсы вакцинаның үш түрі бар.

Атап айтқанда, «Спутник V», QazVac және Sinopharm.

Соңғы жаңалықтар