ШҚО-да жару жұмыстары жалғасуда

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде ШҚО-да жару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД сілтеме жасап.
None
None

Бұл жолы мұзды ұсату жұмыстары Бесқарағай ауданындағы Кривинка ауылында жүргізілді. ШҚО ТЖД құтқарушылары осылайша судың қауіпсіз өтуі қамтамасыз етеді. Барлығы 1000 кг жарылғыш зат пайдаланып, ұсатылған мұз ауданы 30000 шаршы метрді құрады.

Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында барлық 18 мұз кептелуі қауіпті учаске пысықталды. Жалпы ұсақталған мұз ауданы 165091,7 шаршы метр.


Соңғы жаңалықтар