ШҚО-да жас жұбайлар некелерін қидырған соң бірден сайлауда дауыс берді

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жас жұбайлар некелерін қидырған соң бірден сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскемен қаласында жас жұбайлар Жәнібек пен Мадина отбасылық өмірлерін ерекше бастады. Азаматтық хал-актілерін жазу (АХАЖ) бөлімінен кейін олар президент сайлауында дауыс беру үшін бірден сайлау учаскесіне барды. Ерлі-зайыпты №49 учаскеде тіркелген.

«Бүгін біздің отбасы үшін тарихи күн. Бұл күннің ел болашағы үшін маңызы зор деп есептейміз. Сондықтан сайлауға қатысып, өз дауысымызды бердік. Еліміз дамып, өркендей берсін», - деді Жәнібек Ахметов.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда 549 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 12 аумақтық, 537 учаскелік. Барлығы 500 мыңға жуық шығысқазақстандық дауыс бере алады.


Соңғы жаңалықтар
telegram