ШҚО-да жауын-шашыннан өзендердің тасуы мүмкін

Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында төмендеді
Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында өзендердің суы көтеріліп, қалыпты деңгейден асуы мүмкін. Қазгидромет осындай болжам жасады. 

«2024 жылғы 30 сәуір-04 мамыр күндері Шығыс Қазақстан облысының аумағында жауын-шашын күтіледі. Өзендердің суы көтеріліп, қалыпты деңгейден асуы мүмкін. Сондай-ақ, кішігірім өзендер мен бұлақтар арнасынан асады деп болжануда», - деді Қазгидромет РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ-де өткен брифингіде.

Қатты жауын-шашыннан аталған өңірдегі автожолдар мен темір жолдарды, тұрғын елді мекендер мен шаруашылық құрылыстарын топан су басуы мүмкін.

Бұған дейін Павлодар облысының солтүстігінде 2 градус үсік жүретіні туралы хабарлаған едік

Соңғы жаңалықтар