ШҚО-да жаз шыққалы судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 24 адам жауапқа тартылды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар су айдындарындағы қауіпсіздікті күшейтті.

ШҚО-да жаз шыққалы судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 24 адам жауапқа тартылды
Фото: ШҚО ТЖД

Биылғы шомылу маусымы бел ортасына келіп қалды. Құтқарушылар жағажайлардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күн сайын рейдтерге шығып жатыр.

- Демалушылар рұқсат етілмеген жерлерде суға түсіп, өз өміріне қауіп төндіріп жатады. Рейд кезінде ТЖД қызметкерлері жағажайлардың аумағын қайықпен тексеріп, халыққа шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салады. Жаз шыққалы бері қауіпсіздікті сақтамаған 24 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Шығыс Қазақстандағы ресми белгіленген 25 жағажайдың тек 8-і ғана қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді. Қалған 17-сі әлі дұрыс жабдықталмаған.

Айта кетейік, маусым айының басынан облыс бойынша 4 адам суға батқан.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-дағы туристік жерлерге QR жолнұсқалар қойылатындығы жайлы жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар