ШҚО-да жеңгетайлықпен айналысқан сауна әкімшілері анықталды
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары 19 қыркүйектен бастап өңір аумағында «Стоп-трафик» жедел алдын алу шарасын жүргізуде. Соның нәтижесінде, интимді қызмет көрсетілетін 3 притон анықталды.
«Шара барысында қонақ үйлер, ойын-сауық мекемелері, монша кешендері және басқа да түрлі объектілер тексерілді. Осылайша, Семей мен Өскемен қалаларының сауналарында келушілерге жеңіл жүрісті қыздарды ұсынатын әкімшілер ұсталды. Жеңгетайлықпен айналысқан олар заңсыз табыс тауып келген. Нақты айтқанда, осындай қызмет көрсеткені үшін жезөкше тапқан табыстың 30%-ын сауна әкімшісі алып отырды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары. Интимді қызмет көрсететін әйелдер арнайы есепке алынды.