ШҚО-да жеңіл көлік қағып кеткен 9 жасар оқушы мерт болды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Жарма ауданы Қалбатау ауылында кеше кешке ВАЗ-2107 көлігі 9 жасар баланы қағып кетті. Алған жарақатының ауырлығынан екінші сынып оқушысы оқиға орнында ажал құшты.
Алдын ала деректер бойынша, ер бала жүргінші өткелінен тыс жолда жақындап келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетпек болған, деп хабарлады ШҚО ІІД-інен.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша соталды тергеу басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды.