ШҚО-да жер қазып жатқанда топырақ опырылып, 2 жұмысшы қаза болды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданында су құбыры жарылған жерде апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқан 2 жұмысшы көз жұмды.

ШҚО-да жер қазып жатқанда топырақ опырылып, 2 жұмысшы қаза болды
Фото: ШҚО әкімі баспасөз қызметі

Жұмысшылар апатты қалпына келтіру және жер қазу жұмыстарын жүргізіп жатқанда топырақ опырылып кеткен. Соның салдарынан «Нарын КомХоз Сервис» коммуналдық кәсіпорнының екі қызметкері — 42 жастағы дәнекерлеуші Ержан Айтпаев және 55 жастағы слесарь Сергей Кастерин қаза болды.

ШҚО-да жер қазып жатқанда топырақ опырылып, 2 жұмысшы қаза болды
Фото: ШҚО әкімі баспасөз қызметі

Тексеру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы комиссия құрылып, сол жерге облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов барды. Әкім комиссия мүшелеріне өндірістік және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты қолданыстағы регламенттерді түбегейлі қайта қарау қажеттігін айтты. 

ШҚО-да жер қазып жатқанда топырақ опырылып, 2 жұмысшы қаза болды
Фото: ШҚО әкімі баспасөз қызметі

— Бейбіт, тұрақты уақытта өндірістік қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан адам өлімінің болуы мүлде жол берілмейтін жағдай. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы кез келген кәсіпорын үшін ең жоғары басымдықта болуы тиіс. Әкімдік атынан марқұмдардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтып, біз оларға жан-жақты қолдау көрсететімізді жеткізгім келеді. Сонымен қатар тиісті органдарға оқиғаның себептерін анықтап, оған кінәлі адамдардың жауапкершілігін белгілеу үшін жан-жақты әрі әділ тексеру жүргізуді тапсырдым, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

ШҚО-да жер қазып жатқанда топырақ опырылып, 2 жұмысшы қаза болды
Фото: ШҚО әкімі баспасөз қызметі

Еске салсақ, осыған дейін Ақтөбеде қаза болған жұмысшылардың отбасы шығынды өндіріп алғаны жайлы жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар