ШҚО-да жер үйде газ баллон жарылып, 1 адам көз жұмды
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 4 сәуірде сағат 06.43-те Веселовка кентіндегі Ленин көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шыққан. Оқиға орнына бірден өрт сөндірушілер аттанды.
«Құтқарушылар жеткен кезде отқа оранған үйдегі газ баллоны жарылды. Туыстары үйде мүгедек әйел болуы мүмкін екендігін айтқан. Өрт сөндірушілер жанып жатқан тұрғын үйге кіріп, 1969 жылғы әйелдің денесін тауып алды. Анықталғандай, ол I топ мүгедегі болған», - делінген хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау себеп болды. Жалпы ауданы 45 шаршы метрді құраған тілсіз жау көп ұзамай ауыздықталды. Өртт сөндіруге жеке құрамнан 7 адам мен 2 бірлік техника жұмылдырылған.
Осы ретте, департамент мамандары өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың қайғылы жағдайға әкеліп соғуы мүмкіндігін еске салады.