ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған 9 адам көз жұмды
Шығыс Қазақстан облысында биылғы жылыту маусымы басталғалы үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған 9 адам қаза болды, деп хабарлайды Kazinform.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жылыту маусымы басталғалы бері құтқарушылар 121 000-ға жуық үйді аралап шықты. Соның барысында тұрғындарға пеш жағу мен электр құрылғыларын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді.
Алайда азаматтардың өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзатындар әлі де жиі кездеседі. Салдарынан 121 рет өрт шығып, 9 адам көз жұмған. Қайғылы оқиғаның 8-і отты абайсыз қолданудан, 1-і электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтамауынан болды.
«Облыстағы тұрғын үй секторына рейдтер жүргізу кезінде барлығы 22 987 бұзушылық анықталды. Олардың ішінде жиі кездесетіні – уақтылы тазаланбаған түтін мұржалары, пештер мен электр сымдарының нашар жағдайы, қолдан жасалған электр аспаптарын пайдалану. Халықтан өз қауіпсіздігі үшін осындай бұзушылықтарды уақтылы жоюды сұраймыз. Жарқылдап тұрған розетканы уақытында жөндеп, ашық отты қолданғанда абай болған жөн» - деп түсіндірді ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.