ШҚО-да жоғалған адамның денесі өзеннен табылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 1 сәуір күні жоғалған 56 жастағы үржарлық бақташының денесі Қаракөл өзенінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да жоғалған адамның денесі өзеннен табылды

Бақташының жоғалғаны туралы туысқандары дабыл қаққан. Жергілікті ішкі істер қызметкерлері мен құтқарушылардың бірнеше күнгі жұмыс нәтиже бермеген соң, марқұмның жақындары Өскеменнен арнайы іздеу тобын жіберу туралы өтініш жазған болатын. Өскемендік сүңгуірлер жоғалған адамды іздеп, 10 сәуір күні кешке қарай тапты.

«Болжам бойынша, марқұм атпен Қаракөл өзенін кесіп өтпек болған. Ағыны қатты өзен малшыны астындағы атымен қоса ағызып әкеткен. Ат жағаға аман шыққанмен, қалың киінген марқұмның малтауға икемі келмей суға кеткен» - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Анастасия Скляр.

Малшының денесі ат құлаған тұстан 1,5 шақырым жерден табылды. Төтенше жағдай мамандары көктемде кішігірім өзендердің өзі қауіпті күшкен айналатынын ескертеді.

«Көктем кезінде деңгейі 15 сантиметрге жеткен ағыстардың өзі адамды ағызып әкетеді. Ал өзен деңгейі жарты метрге жетсе, көлікті де жаңқа құрлы көрмейді. Сондықтан, шағын өзендердің өзін қауіпсіз жерінен айналып өту керек» - дейді төтенше жағдай мамандары.

Айта кетейік, жыл басынан бері ШҚО-да 2 адам суға кеткен.